Таразда ақша ұрлаған екі бойжеткен 5 жылға сотталуы мүмкін

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда сауда үйінде қала тұрғынының қол сөмкесінен ақша ұрлаған екі қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда қала тұрғынының қол сөмкесінен 262 мың теңгені жымқырған 19 жастағы екі қыз ұсталды. Оқиға Тараздағы сауда үйінің бірінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар өз кінәләрін мойындады. Қыздар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін» делінген хабарламада.
Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарды сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар