Таразда 4 жасар бала бесінші қабат баспалдағынан құлап кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда 4 жасар бала көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 13-шағынаудандағы 5 қабатты үйлердің бірінде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар қыз баспалдақ жақтауы арасындағы ашық жерден төменге құлаған. Ол бесінші қабаттан екіншіге түскен. Зардап шеккен қыз ауыр халде қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ведомство тұрғындарды абай болуға шақырып, баспалдақ – бұл қозғалысқа ыңғайлы құрал ғана емес, сонымен қатар балалар үшін жоғары қауіпті объект екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар