Таразда 1200 студент пен оқытушы «Абай жолы» романы бойынша диктант жазды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы» роман эпопеясы бойынша университет оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері жаппай диктант жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара Zoom платформасында ұйымдастырылды.

Жұмыстарды арнайы «Қазақ тілі және орыс тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс филология», «Филология және журналистика» кафедраларының оқытушыларынан құрылған комиссия мүшелері тексерді.

«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жаппай диктант жазу байқауының ашылуында онлайн байланыс арқылы ҚР Ғалымдар одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде Абай ілімінің өзектілігін қозғады. Толық адам ілімін меңгеріп, әр жан толық адам болуға ұмтылуы керектігін айтты.

Абай шығармашылығын насихаттап, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ұлы ақынның рухани мұраларына деген қызығушылықты арттыруды мақсат еткен шара барысында жалпы 1200 диктант жазылған.

Ең сауатты жазылған жұмыстар бағалы сыйлықтармен, арнайы алғыс хатпен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар