Тараз университеті жанынан «Адалдық дүкені» ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда кезекті «Адалдық дүкені» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Сатушысы жоқ дүкен «USTAZ» Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті жанынан ашылды. Мұнда көптеген сусындар, тәттілер, шоколад, жаңа піскен нан өнімдері сатылады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов «USTAZ» университетіндегі «Адалдық дүкенімен» және «Адал кітапханамен» танысты, сондай-ақ, «Саналы ұрпақ» фронт-офисінде белсенді студенттермен кездесіп, пікір алмасты.

«Адалдық дүкенінен сатушысыз тауар сатып алуға болады. Оны студеннттер де, оқу орнының мұғалімдері де, қала тұрғындары да пайдалана алады. Сенім тетігі көптеген жылдар бойы Еуропа елдерінде енгізіліп келеді», - деп атап өтті «USTAZ» Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басшысы Равиль Төлебаев осындай тетіктерді енгізу жастардың моральдық ұстанымдарын, сондай-ақ академиялық адалдықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар