Тараз тұрғынынан 4 қап марихуана тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз тұрғынынан келі килограмм марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Мерке автожолынан 4 шақырым жердегі Сарғау аймағында есірткі дайындап жатқан Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады.

Сол маңды тексеру кезінде төрт қап барлығы - 44 килограмм 320 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі кезде Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша соталды тергеу басталды. Мұндай қылмыс үшін 10-15 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылады, сонымен қатар сотталушының мүлкі тәркіленеді», - деді Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.




Соңғы жаңалықтар