Тараз гарнизонында әскерилер коронавирус жұқтырған: Жауапты офицерлер жазаланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарулы Күштерде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бірінде орын алған әскери қызметшілердің ауруының фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан аса әскери қызметшінің ауруға шалдығуына әкеп соқтырған бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бөлімнің басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырмаған және бақылау болмаған.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдады. Әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапқа тартылды.

Әскери басшылық Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдауды, алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу үшін олардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырды.


Соңғы жаңалықтар