Танзаниядағы Франция елшілігіне белгісіз біреу оқ жаудырды, 4 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танзанияда белгісіз ер адам Франция елшілігінің күзетшілері мен полиция қызметкерлеріне оқ атты. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат France24 телеарнасына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы бірінші дипломатиялық өкілдік орналасқан аудандағы қиылыста екі полицейге оқ атқан. Кейін қаза тапқан полицейлердің винтовкасын алып, жол бойы оқ жаудырып Франция елшілігіне барған.

Танзания президенті Самия Хасан Сулуху Twitter-де полиция қылмыскердің көзін жойғанын хабарлады.

«Мен қаза тапқан үш полицей мен қауіпсіздік қызметінің бір офицерінің отбасына қайғыра көңіл айтамын. Олар Дар-эс-Саламдағы Саленда ауданында қарулы ер адамның шабуылы кезінде мерт болды», - деп жазды Танзания президенті.

Қылмыскердің неліктен бұл әрекетке барғаны әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар