Танымал режиссер халықаралық қақтығыстарды реттеудегі Елбасының рөлі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Танымал тәуелсіз кинорежиссер Радик Кудояров халықаралық қақтығыстарды реттеудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін атады. Ол бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастырумен өткен халықаралық жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орайда режиссер өткен кезеңде Таулы Қарабақтағы қақтығыстарды реттеудегі Н. Назарбаевтың қадамдарын еске алды.

«Жақында Қарабақтағы қақтығыс қайта тұтанып барып, тоқтады. Осы жағдай басталған кезде Нұрсұлтан Назарбаев есіме түсті. Себебі 10 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы ЕҚЫҰ-ның қорытынды құжатына Әзербайжанның да, Арменияның да көшбасшыларын қол қоюға көндірген соңғы саясаткер болды», - деді Радик Кудояров «ҚР Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол аталған құжатта бейбітшілікті сақтап, тараптар арасындағы текетіресті доғару шаралары қамтығанын атап өтті.

«Бұл өз кезегінде үлкен жетістік болды. Содан бері екі ел басшылары арасында қандай да бір құжатқа қол қойылмады. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жетістікке қалай қол жеткізілгенін айтқан еді. Осы орайда Қазақстан Тұңғыш Президентінің көрегендігін байқауға болады. Өйткені ол маңызды шешімдерді алдын ала ойлап, қабылдайтын адам», - деді режиссер.

Соңғы жаңалықтар