Танымал қазақстандық суретшілер Лахор биенналесіне қатысып жатыр

None
None
ЛАХОР. ҚазАқпарат – Қазақстандық көрнекті суретшілер Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан LB02 биенналесіне қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат dispatchnewsdesk.com ресурсына сілтеме жасап.

26-29 қаңтар аралығында Пәкістанда «Күн мен ай арасында» атты биеннале өтіп жатыр. Оған Алмагүл Меңлібаева, Зитта Сұлтанбаева, Сәуле Сүлейменова, Счырлыбек Бекботаев және Роман Захаров секілді қазақстандық суретшілер қатысуда.

Алмагүл Меңлібаева Пәкістанға ертерек келді. Оның германиялық Инна Артемова және нидерландтық Герман Поповпен бірге әзірлеген жобасы өте ауқымды, сондықтан біршама дайындықты қажет етеді. Арт-жоба «Ұлықбек: Орталық Азияның ішкі футуристік машинасы 2020» деп аталады.

«Заманауи суретші туындыларын қай елде көпшілікке ұсынса да, ол маңызды емес. Пәкістан туралы түрлі стереотиптер бары рас, дегенмен бұл елде тұрақты түрде өтетін бір емес, екі биеннале бар. Қазақстанда біреу де жоқ. Орталық және Оңтүстік Азия арасында байланыс бар, соны көрсету керек. Арамызда қанша айырмашылық болса, соншама ортақ дүниелер бар», - дейді Алмагүл Меңлібаева.


Суретшілерді қолдауға Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Ақан Рахметуллин де келді.


Соңғы жаңалықтар