Танымал дизайнердің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дизайнер Сәбит Bisen-нің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дизайнердің отбасы айыпталушыны 15 жылға қамауды және 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуді сұрады.

Прокурордың сөзінше, дизайнерді өлтірген С. Дүйсенғалиевке 99-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылған.

«Мен айыпталушының кінәсі дәлелденді деп есептеймін. Оны кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», - деді прокурор.

Өз кезегінде,сотталушы Сәбит Bisen-нің жақыдарынан кешірім сұрады.

«Мен отбасының кешірім сұраймын. Оны қасақана өлтіру менің ойымда болған жоқ «, - дейді сотталушы Сағыныш Дүйсенғалиев.

Еске салайық, қазақстандық дизайнер 2020 жылдың күзінде кісі қолынан қаза тапты.

Айта кетейік, Сәбит Bisen - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған. Оның қазасы туралы достары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.


Соңғы жаңалықтар