Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Өтінім қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі.

Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдегі мектептерде білім алғандар қатысады.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

«Өкінішке орай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.


Соңғы жаңалықтар