Тамыз айында Алматыда КВИ таралуы шарықтау шегіне жете ме
Негізгі болжамға сәйкес, аурудың шыңы тамыздың бірінші онкүндігінде болады, күніне 1600-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі.
Пессимистік болжамға сәйкес, аурудың шарықтау шегі 10-11 тамызға келеді, тәулігіне 1900-ге дейін жаңа жағдай тіркеледі.
Тамыз айында - 34 500 жағдай, ал 2021 жылдың қыркүйегінде 4 500 жағдай тіркеліп, ауру көрсеткіші төмендейді деп болжанып отыр.
«7 мың инфекциялық төсек-орын дайындалды. Резервте қосымша 3000 төсек-орын бар. Қиын жағдай үшін тағы 2000 резервтік төсек-орын іздестірілуде. Сонымен қатар балалар мен ересектерге, соның ішінде онкологиялық тұрғындарға жедел және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін барлық мамандандырылған клиникалар сақталған. 6 400 төсек-орын бар», – деді Нариман Табынбаев.
Оның айтуынша, 27 шілдедегі жағдай бойынша стационарларда 3 827 науқас жатыр, оның 239-ы - балалар.
Өте ауыр жағдайдағы науқастар – 114. Ауыр жағдайдағы науқастар – 956. Инфекциялық стационарларда 500 реанимациялық төсек-орын бар.
Жұмыс жүктемесі –52% (260 пациент). Өкпені жасанды желдетуге 29 пациент қосылған.
Өкпені инвазивті емес желдетуде – 105 науқас және High Flo-да – 99 пациент.
«Штаммдар агрессивті әсер етуде, соның салдарынан өлім саны артуда. Барлық кезеңде қайтыс болғандар саны – 1092. Биыл 1 қаңтар мен 26 шілде аралығында 703 адам қайтыс болды. КВИ-мен күреске 6 212 медицина қызметкері жұмылдырылды. Резервте 1700-ден астам адам бар. Бұл жұмыс бақылауға алынған», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.