Тамара Дүйсенова Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенованың қабылдауы жұмыс режимінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Интернационалист жауынгерлердің барлық ұсыныстарын Президент Әкімшілігі назарға алды. Мәселе Мемлекет басшысының бақылауында. Барлық мемлекеттік органдарға Б.Смағұл бастаған ҚР ИЖАО Орталық кеңесімен бірлесіп Ауғанстан соғысы ардагерлері көтерген мәселелерді пысықтау тапсырылды.

«Үйлестіруші болып ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды. Келісу және шешім қабылдау үшін бір ай мерзім берілді. Қорытындысы бойынша ҚР қолданыстағы заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар