Тәліптер Ауғанстанда шетелге шығатын паспортты қайта бере бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Анадолы – Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы құрған уақытша үкімет шетелге шығатын паспортты беруді қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстан «уақытша үкіметі» ІІМ жанындағы Төлқұжат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алем Гюль Хаккани ең бірінші кезекте бұған дейін құжат рәсімдеуге өтініш берген 25 мың азаматқа төлқұжат берілетінін мәлімдеді.
Хаккани күніне 6 мың азаматқа төлқұжат берілетіні жоспарланып отырғанын атап өтті.
Онлайн өтініш берген 170 мың ауғандықтың төлқұжаты рәсімделіп жатыр.
ІІМ баспасөз хатшысы Саед Хости төлқұжатта елдің аты Ауғанстан Ислам Республикасы деп жазылатынын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар