Талғарда белгісіз біреулер ер адамдарды соққыға жықты

Фото: None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Алматы облыстық полиция Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Аспан сити» тұрғын үй кешенінің ауласында ер адамдарды соққыға жыққан бір топ жас жігітті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні болған.


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Іс материалдарында жәбірленуші ретінде бес жергілікті тұрғын бар, оның екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша бейнежазбаны зерделеуде, сондай-ақ оқиғаның куәгерлерінен жауап алуда», - деп атап өтті полицияның баспасөз қызметінен.

Ведомства өкілдерінің айтуынша, бұзақыларды анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Қылмыстық істің тергеу барысы облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында.


Соңғы жаңалықтар