+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Талғарда 13 жасар қызын азаптап өлтірген өгей әке Алматыдан ұсталды

2021 жылғы 25 шілде 22:37
Бөлісіңіз:
Талғарда 13 жасар қызын азаптап өлтірген өгей әке Алматыдан ұсталды

ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Алматы облысында 13 жасар өгей қызын өлтірді деп күдікке ілінген 47 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды Із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қостанайлық бойжеткеннің денесі табылды

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 23 шілдеде Талғар қаласындағы жеке үйлердің бірінен 13 жасар қыздың мүрдесі табылған.

Марқұмның денесінде азаптау белгілері бар.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы қыздың 47 жастағы өгей әкесінің осы аса ауыр қылмысқа қатысы бар екенін анықтады.

Кейін анықталғандай, бұл ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде тұрған.

Жедел іздеу шарасы кезінде оқиға орнынан қашып кеткен күдікті Алматы қаласында қолға түсті.

Қазіргі таңда ұсталған адам уақытша изоляторға қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, полиция тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жариялай алмайды.

Полицияның мәліметіне сенсек, елімізде балаларға қатысты қылмыстың 70 пайызын оның өз айналасындағы жақын адамдар жасайды.

Бұл - олардың әкесі, өгей әкесі, анасымен бірге тұратын ер адамдар, туыстар, көршілер, таныстар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT