Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті. Оның үшеуі бала, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті.
Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады.
«Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын-ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы жарылысқа себеп болған»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психолог маманы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
- Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды
- ШҚО-да көпқабатты үйдің жертөлесіндегі дүкеннен өрт шықты
- Оралда 71 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады
- Мемлекет басшысы: Алматыда шешілуге тиіс көптеген мәселе бар
-
Оралда базарда 2 жүк тиеуші төбелесіп, біреуі жансақтау бөліміне түсті
-
Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам