Талдықорғандықтардың жылу алдындағы қарызы 144 млн теңгеге жетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандықтардың жылу алдындағы қарызы 144 млн теңгеге жетті. Бұл тек тұрғындардың жылу алдындағы берешегі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 8 қыркүйегінде Талдықорған халқының жылу алдындағы қарызы 197 825 826 теңге болған. Оның 45 млн теңгеден астамына сот шешімі шығарылған. 2 млн теңгеден астам қарызға арнайы келісім жасалды. Ал 6,5 млн теңге мерзімінен кешіктірілген қарыз. Жалпы, қазіргі күні талдықорғандықтардың «Талдықорғанжылусервисі» алдындағы қарызы 143 962 893 теңге», - делінген Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ҚазАқпарат тілшісіне берген мәлімдемесінде.

Ал Алматы облысында алдағы жылыту маусымының дайындық жұмыстарына 15,9 миллиард теңге бөлінді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде жылумен жабдықтау нысандарын жөндеу үшін 6,0 миллиард теңге, көмір, мазут, дизель отынын сатып алуға 9,4 миллиард теңге, жылу жүйелерін жөндеуге және қажетті құрал-жабдық сатып алуға 538 миллион теңге, ал кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен 2,1 миллиард теңге қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар