Талдықорғандықтарды Жеңіс күнімен әуе шары арқылы құттықтады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандықтарды жеңіс күнімен әуе шары арқылы құттықтады. Ол жерде соғыс жылдарына арналған әндер шырқалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен әуе шары Талдықорғанда кешеден бері ұшып жүр. Ол жерде әншілер әуезді әндерін үзіліссіз орындап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Кретивті идеяның авторы Жетісу жастары. Олар тұрғындарды әуеден құттықтап болған соң соғыс ардагерлерінің үйіне барып, , бейбіт заман үшін алғыстарын жеткізіп, сыйлықтарын табыс етті.

Айта кетейік, қазір Талдықорған қаласында 10 соғыс ардагері тұрады. Олар: көпшілікке паровоз апа деп танылған Алтынай Есболатова, Қанапия Алимбаев, Қылышқан Садықов, Ысқақ Құсаинов, Төлеубай Шектібаев, Михаил Баранов, Николай Богданов, Ғайс Егембердиев, Сәрсенбай Қаңтарбай және Никлай Кононенко.


Соңғы жаңалықтар