+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Талдықорғанда жыл басынан бері 48 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді

2016 жылғы 8 қараша 21:27
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда жыл басынан бері 48 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда соңғы 9 ай ішінде 85 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінде оның 48 млн теңгеден астамы өндірілген. Бұл туралы халық алдында 9 айдың қорытындысы бойынша есеп берген Талдықорған қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Талғат Бәзиев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, жалпы 7882 әкімшілік құқық бұзушылық есепке алынған. Ал 2 мыңнан аса факті қоғамдық орындарда ішімдік ішу бойынша тіркелген.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласында профилактикалық есепте 4486 азамат тұр. Оның ішінде 2016 жылы жаңадан есепке алынған 316 азаматпен тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Аталған азаматтардың 41-і бұрын сотталғандар, 48-і әкімшілік бақылауда, 129-ы шартты түрде сотталғандар, 42-сі шартты түрде босатылғандар және 17-сі маскүнем.

Есепті кезеңде әйелдерге қатысты 822 қылмыс тіркелді, оның ішінде 481 ұрлық, 16 бұзақылық, 25 зорлау, 22 тонау, 4 денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 175 алаяқтық, 9 қарақшылық фактілері орын алып отыр. Сонымен қатар, 9 ай ішінде 16 жеңгетайлық факті анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT