Талдықорғанда жол жиегіндегі темір қоршаулар ұрланып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы жол жиегіндегі қоршауларды ұрлады деген күдікпен Талдықорғанның үш тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Зардап шегуші тарап ретінде полицияға тиісті шағым түсірген жол қызметі қатысып жатыр. Ұсталған тұлғалар жыл басынан бері Талдықорған, Кербұлақ және Ескелді аудандарында тіркелген ұрлық істеріне де қатысы бар деп күдіктелуде. 

«Қаладағы темір қабылдайтын бекеттердің бірінен ұрланған қоршаулар табылды. Күдіктілер, соның ішінде бұрын істі болған азамат та қамауға алынды», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінен.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар