Талдықорғанда жаяу патруль саны артты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Талдықорғанда жаяу патруль саны артты. Егер бұрын қала көшелеріне тек ұлттық ұлан сарбаздары патрульдік бақылау жүргізсе, жаңа тәртіп бойынша әр топқа бір-бір полиция қызметкерінен қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаяу патрульдің көбеюімен бірге олар аралайтын бағыттар саны да артты. Егер осы уақытқа дейін ұлттық ұлан жауынгерлері қалада тек 20 бағыт бойынша жүрсе, енді олар аралайтын аумақ үш есе артып, бақылау бағыттар саны 60-қа жуықтады. «Патруль санының артуына қала аумағының кеңейіп, халық санының өсуі басты себеп болып отыр», - дейді облыстық жергілікті полиция басқармасының басшысы Бағдат Әбішев.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қазіргі таңда 280 патрульдеу бағыты әзірленген. 125 автокөліктік патрульдеу, 2150 жаяу бағыт, 5 модульді бекет бар. Ал жаз айларында Талдықорған қаласындағы патрульдейтін бағыт санын 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар