Талдықорғанда жас полицейлер ант қабылдады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің жас полицейлері ант қабылдады.

null
 Салтанатты шара жаңадан пайдалануға берілген сап түзеу алаңында ұйымдастырылды. 16 жас маман қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, еліне, Елбасына адал қызмет етуге сенім білдірді.

"Ішкі істер департаментінде ант қабылдау Қазақстанның барша халқына, Президентіне, Заңдарына адал қызмет ету деген сөз. Ол үлкен жауапкершілік. ҚР Заңды мүдделерін қорғауға, берген антыма адал болуға уәде беремін"- деді ант қабылдағандардың бірі, жас маман Санатбек Иманбеков.

null  

Сондай-ақ жиын барысында облыстық ІІД - нің басшысы, генерал-майор Мұрат Урумханов  12 қызметкерге арнайы атақтарын табыс етіп, қызметтеріне сəттілік тіледі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай естелік аллеясының негізі салынып, 25 шырша көшеті отырғызылды. Оған  департамент басшылары, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

null  

Соңғы жаңалықтар