Талдықорғанда жас құтқарушылар ант қабылдады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Құтқарушылар күніне орай Талдықорғанда Алматы облыстық төтенше жағдайлар саласына қызметке келген жас мамандар ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 жас өреннің ішінде өрт сөндіруші, диспетчер, құтқарушы бар. Жалпы өңірдің азаматтық қорғаныс саласында 1 200-ге жуық адам еңбек етеді. Олар апат салдарын жойып, оларды болдырмау үшін еңбек етіп келеді. Айта кетерлігі, соңғы 30 жылда Жетісу өңірінде 3 құтқарушы қызмет бабында қаза тапты.

Салтанатты жиынға келген ардагерлер мен құрылым басшылары ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, рухтарына тағзым етті. Сондай-ақ облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің біріне құтқарушының муралы салынды.

Бес қабатты ғимарат қабырғасында кішкентай қыз баланы өрттен алып шыққан өрт сөндіруші бейнеленген.

«Бұл өзімнің бала кездегі арманым. Ағаларым, туыстарым, жақындарымның барлығы осы салада жұмыс істейді. Мотивация сол жақтан келіп жатыр. Әке-шешем барлығы қолдап, бір жыл бойы еңбек еттім, тырыстым. Қиын жағдай болмасын. Болған жағдайда бірінші болып қолдан келгенше көмектесуге дайынбыз»,- деді жас маман Сымбат Қаппарова.


Соңғы жаңалықтар