Талдықорғанда жаңа жылда 7 сәби дүние есігін ашты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда жаңа жылда 7 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 қыз, 2 ұлдың аналарын қала әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Ғ.Әбдірайымовтың атынан Талдықорған қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев құттықтады.



Партияның «Бақытты отбасы» жобасын тілге тиек еткен ол қазіргі таңда аналарға жасалып жатқан қамқорлықты атап өтті. Аманжол Жазықбаев сәбилерге ертеңгі күні ел туын көтеріп жүретін үлгілі азамат болсын деп тілегін білдірді.

Жалпы өткен жылы Алматы облысында 37 мыңнан астам бала дүниеге келген, оның ішінде Талдықорғанда 6600-ден аса сәби өмір есігін ашты.




Соңғы жаңалықтар