+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Талдықорғанда волонтер студенттердің форумы өтті

2020 жылғы 24 қаңтар 19:37
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда волонтер студенттердің форумы өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде волонтер студенттердің форумы өтті. Басқосуда ерікті жастардың негізгі мәселелері талқыланып, биылғы жылдың жұмыс жоспары пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық 135 мың волонтер бір күнде 6 мың тонна қоқыс жинады Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді

Қазіргі таңда университет қабырғасында 10 волонтерлық топта 200-ден астам ерікті жұмылдырылған. Қоғамды жақсартуға бағытталған түрлі салада белсенділік танытып, жан-жақты көмек көрсетуде. Мәселен, ағылшын тілін үйретушілер қаладағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ағылшын тілін шыңдауға күш салуда. Топта 30 студент бар. Олар кезекпен жас ерекшеліктеріне қарай балаларға дәріс беріп тұрады. Сондай-ақ, облыс орталығында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына да ағылшын тілін тегін үйретіп жатыр.

Топ жетекшісі Ақерке Шеңгелбаеваның айтуынша 100-ге жуық бала қамтылған.

«Бұл бір жағынан біздің волонтер ретінде қоғамға қосқан үлесіміз болса, екіншіден, өз тәжірбиемізді шыңдау»,— дейді 3-курс студенті.

Тағы бір топ «Қамқор» деп аталады. Атына заты сай топ мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қариялар мен көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасаумен айналысады.

Негізінен көмір түсіру, отын жару, қар тазалап, мұз ою, үй жинау сияқты шаруаларды бітіреді.

Сондай-ақ, қалада қоршаған ортаны қорғауға, болашақ отан қорғаушыларды дайындауға, роботтехникаға машықтануға бағытталған волонтерлық топтар құрылған.

«Еріктілік жан қалауы» атты студент волонтерларының алғашқы форумында осы топтардың жұмыс жоспары нақтыланып, бағыттары белгіленді. Алдағы уақытта волонтерлар қатары көбейіп, басқа да салалар қамтылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT