Талдықорғанда үш тұрғын үйдегі кіреберісі карантинге жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтыруға қатысты 7 оқиға тіркеліп, Талдықорғанда тағы үш кіреберіс тұрғынлдары карантинге алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың барлығы Қаратал шағын ауданында орналасқан 57-үйдің 3-ші кіреберісі, 59б үйдің 1-ші кіреберісі, 60б үйдің №1 кіреберісі.

«Алматы облысында коронавирус жұқтыруға қатысты 7 жағдай тіркелді. Оның үшеуі Талдықорған қаласында, екеуі Кеген ауданында, Қапшағай қаласы мен Талғар ауданында бір-бір адамнан анықталды. 5 пациенттің сырқат жұқтырғаны профилактикалық тексеру барысында анықталған. Екеуі медициналық мекемеге өз бетінше жүгінуі барысында белгілі болды. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Олармен 91 адамның байланыста болғаны нақтыланды. Барлығы бақылауға алынып, эпидемиологиялық тексеру жасалуда»,- деп мәлімдеді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатары Талдықорғанда тағы үш мекенжай тиісті қаулыға сәйкес індет ошағы деп танылып, карантинге алынды.

Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 219 адам тіркелді.


Соңғы жаңалықтар