+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Талдықорғанда тұрмысы төмен отбасының балалары ағылшын курсына тегін қабылданды

2018 жылғы 10 қаңтар 15:23
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда тұрмысы төмен отбасының балалары ағылшын курсына тегін қабылданды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Еркін ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілін оқыту орталығы ашылды. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан балалар ағылшын тілін тегін оқып-үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағылшын курсын жергілікті кәсіпкерлердің бірі ашты. Қалталы азамат осылайша «Атамекен» кіші бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыруға мейлінше атсалысып жатыр. Қазір орталықтағы «English kids» ағылшын тілі курсына 12 бала келіп жүр. Тіл үйрету сабағы аптасына екі рет бір сағаттан өтеді. Кәсіпкер бұған дейін Талдықорған қаласынан тап осындай 4 кеңсе ашқан.

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың қол моторикасы өте аз дамыған. Сол үшін біз балаларға арналған ойыншықтар және неше түрлі пазлдар алдырып, сол арқылы балалардың моторикасымен қоса ағылшын тілін бірге үйренуге көп жұмыс жасап жатырмыз. Мұғалімдеріміздің барлығы тәжірибелі», дейді кәсіпкер Мәдина Құрманғалиева.

Ағылшын тілін 5 білікті мұғалім оқытады. Балаларының тегін тіл үйрету курсына баруға мүмкіндік алғанына ата-аналар дән риза.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT