Талдықорғанда түнгі уақытта жұмыс істеген дәмханаға айыппұл салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда дәмхана әкімшісіне 10 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған қаласындағы мейрамханалардың бірі төтенше жағдай режиміне және салынған тыйымдарға қарамастан өз қызметін жүргізген.

Қазіргі уақытта барлық аумақтарда полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп азаматтардың төтенше жағдай режимін сақтауын қадағалауда. Осы мақсатта, адамдардың жаппай жиналауын көздейтін барлық көңіл көтеру, спорттық, ойын-сауық орындары тексерілуде.

Арнайы тексерумен аталған мекемеге полиция қызметкерлері сағат 22.00-ден кейін келген. Тексеру кезінде мекеме бірнеше клиентке қызмет көрсеткені анықталды. Нәтижесінде 25 жастағы кафенің әкімшісі ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде Талдықорған қаласының МАӘС қызметі азаматқа қатысты 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу түрінде жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.


Соңғы жаңалықтар