+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Талдықорғанда сауда орталығы өртенді

2020 жылғы 20 қаңтар 19:03
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда сауда орталығы өртенді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Талдықорған қаласында сауда орталығы өртенді. Қызыл жалын 4-ші шағын ауданда орналасқан «Дәулет» сауда үйінің жеміс-жидек, көкөніс сататын павильонын шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда жатақханадағы өртке байланысты тергеу басталды Алматы облысында күдік туғызған шетелдіктердің не мақсатта жүргені анықталды Оңтүстік Кореяда болған ірі жол апатынан 28 адам жарақат алды

Өртенген аумақ 60 шаршы метр. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің уақытылы жетіп, жылдам әрекет етуінің арқасында тілсіз жау ауыздықталып, сауда орталығының өзге бөлігіне тарап кетуіне жол бермеді.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, оқиға орнында бір адам зардап шеккен. Әйел азаматшаның беті мен қолын күйік шалып, жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен. Алдын-ала болжам бойынша өрт бауырсақ қуырып, тауық етін қақтап сататын дүңгіршекте тұтанған. Шығын көлемін арнайы комиссия анықтамақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT