Талдықорғанда коронавирус инфекциясымен адам ауруханаға жатқызылды деген ақпарат жалған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда коронавирус инфекциясымен адам ауруханаға жатқызылды деген ақпарат жалған.

Инфекциялық ауруханада оқу-жаттығулар өтіп жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда инфекциялық ауруханасы маңында арнайы қорғаныс костюмін киген мамандардың суреті әлеуметтік желіге тарап кетті.

Суретті таратқандар коронавирус жұқтырған адам ауруханаға жатқызылды, деп пікір білдірген.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел бұл ақпарат жалған екенін айтып, ауруханада коронавирус инфекциясына қарсы оқу-жаттығулары өткенін тілге жеткізді.



Соңғы жаңалықтар