Талдықорғанда Кеңес Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаевқа ескерткіш мүсін ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған әскери-техникалық мектебінде Кеңес Одағының батыры, 28 панфиловшының бірі Мұсабек Сеңгірбаевқа ескерткіш мүсін ашылды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Батыр мүсіні Болашақ офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелейтін білім ордасындағы Әскери даңқ музейінде орын тепті. Мұсабек Сеңгірбаевтың ұрпақтары аталарының ерлігі жастарға патриоттық тәрбие беріп, Отан қорғаушылардың рухани шыңдалуына үлес қосады деген сенімде. Кеңес Одағының батыры Мәскеу қаласын қорғауда  қолындағы гранатасымен жау танкісіне қарай ұмтылып, ерекше ерлік көрсеткен болатын.

null  

Мұсабек Сеңгірбаев 1917 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызыларық ауылында дүниеге келген. Жас жауынгер 1941 жылы майданға аттанып, Мәскеу түбіндегі Волоколам ауданы, Дубосеково ауылында Отанын қорғауда ерлікпен қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ержүректілігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.

null null null 

Соңғы жаңалықтар