Талдықорғанда кең көлемде флешмоб ұйымдастырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында кең көлемде флешмоб ұйымдастырылды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» спорт сарайында өткен шараға 1 мыңға жуық жастар қатысты. Қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен Тәуелсіздік құрдастары бар. Олар түрлі-түсті қолшатырмен сап түзеп, 25 KZ және жүрек бейнелерін көрсетті.

Флешмобты облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» белсенділері ұйымдастырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен шара  мақсаты - өскелең ұрпақ бойында еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар