Талдықорғанда қарулы қылмыскер автокөлік ұрлаған
Анықталғандай, «Тойота виндом» автокөлігі мереке күндері қаладағы мейрамханалардың бірінің жанынан жоғалған. Машинаның иесі Талдықорған полициясына тез арада хабар берген. Көлік иесі 650 мың теңге зардап келді деп шағымданған.
«Облыс орталығындағы көшелерге орнатылған видеокамералар арқылы ұрланған машинаның бағытын анықтадық», - деп атап өтті Талдықорған қалалық ІІБ ЖБО бастығы, полиция подполковнигі Рустам Абильданов.
Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 269 бейнебақылау және заң бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын камералары бар, олардың көбісі 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға берілді.
«Тұтқындалған 24 жастағы жігіт 10 патроны бар «Вальто» жарақат салатын тапаншасы және бәкі табылды. Табылған қарулар заттай дәлелдеме ретінде істің материалдарына тіркелді», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметі.