+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Талдықорғанда  бір топ шабандоз қала көшелерінде көкпар ұйымдастырды

2019 жылғы 10 желтоқсан 19:35
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда  бір топ шабандоз қала көшелерінде көкпар ұйымдастырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда бір топ шабандоз облыс орталығының көшелерінде көкпар ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан әуежайларының сауда қызметтеріндегі қымбат баға проблемасы қалай шешіледі Түрім айта береді, өзім 45-темін: 60-ты алқымдаған ағасының төлқұжатымен ұсталды 23 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар

Көкпар тартқандардың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Полицейлероқиғаның ізін суытпай бірнеше сағаттың ішінде күдіктілердің бірін - Текелінің 27 жастағы тұрғынын ұстады. Бүгін тәртіп сақшылары қалалық полиция бөліміне жеткізілген кокпарға қатысушылардың қалған мүшелерін анықтап, қамауға алды.

«Барлығы жеті заң бұзушы ұсталды, олардың негізгі бөлігі – Ескелді ауданының тұрғындары. Олардың қала маңындағы ауылдардың бірінде көкпар шапқандықтары анықталды. Ұлттық ойынға ынталы шабандоздар қала шекарасынан өтіп, облыс орталығының көшелеріне ауысқан. Ұсталғандар қазір жауапкершілікке тартылуда», - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.

Заң бұзушыларға қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Авторы: Хасан Еспанов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT