Талдықорғанда Бикен Римова атындағы І-ші театрішілік фестиваль өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 27-ші наурыз Халықаралық театр мерекесі күніне орай Талдықорғанда Бикен Римова атындағы І-ші театрішілік фестиваль өтті. Шара аясында өнер ұжымы театр сыншыларына 7 қойылым ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль өнер ұжымының шығармашылығын шыңдап, бұдан да биік белестерді бағындыруға ынталандыруды мақсат етіп отыр. «Сондай-ақ көрермендерге театр өнерінің қасиетін ұғындырып, көрермен мен әртіс арасында алтын көпір орнату», - дейді Б. Римова атындағы драма театрының директоры Руслан Сеңкебаев.

Байқау аясында жеті жүлделі номинация тағайындалды. Жас әртістер «Үміт» номинациясына ілігу үшін бар өнерін ортаға салды. Орта және аға буын «2-ші пландағы ер мен әйел бейнелері», «Үздік ер адам және әйел адам», «Сахна шебері» номинацияларына таласты. Ал Бас жүлде ретінде Бикен Римова атындағы сыйлық ұсынылды. Бұл құрметті жүлдеге театр актері Базарбек Тоқымтаев ие болды. 45 жылдық тарихы бар өнер ордасының шығармашылық ұжымы Алматы облысы әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар