Талдықорғанда Бейсен Құранбек атындағы олимпиада өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы ұстаздар мен оқушылар арасында облыстық олимпиада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш кезеңнен тұратын ақтық сынға 16 ұстаз, 18 оқушы өтті. Мұғалімдер Бейсен Құранбек туралы эссе, ал оқушылар мақала жазды.

«Талантымен танылған тұлға» атты кезеңде бейнероликтер түсіріп, журналист айтып кеткен ұлағатты сөздерге талдау жасады. «Жетісу дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталықтың ұйытқысымен өткен олимпиада мақсаты небәрі 48 жыл өмір сүрген журналистің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Бейсентану ілімінің негізін қалап, болашақ журналистерге жол ашу. Жарыс қортындысымен ұстаздар арасында Текелі қаласы №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанзила Исаева бас жүлдеге ие болды. Ал оқушылар арасында бірінші орын Кербұлақ ауданы, Күреңбел орта мектебінің 10 сынып оқушысы Алуа Байтілеуова бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды Бейсен Құранбектің туған күні – 9 желтоқсанда бағалы сыйлықтармен марапаттау жоспарланып отыр.

«Бұл олимпиада карантиндік шектеулерге байланысты онлайн өткізіп отырмыз. Болашақта бұл олимпиаданы облыстық деңгейде жүйелі түрде ұйымдастырамыз. Сонымен бірге өңірлік және республикалық деңгейге шығаруға жоспарлап отырмыз», - дейді «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының директоры Әлішер Башаров.


Соңғы жаңалықтар