+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Талдықорғанда баланы қағып кете жаздаған «Toyota Camry» жүргізушісі жазаға тартылды

2020 жылғы 12 қыркүйек 20:37
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда баланы қағып кете жаздаған «Toyota Camry» жүргізушісі жазаға тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда баланы қағып кете жаздаған «Toyota Camry» жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда өртеніп жатқан техникалық қызмет көрсету стансасында жарылыс болды Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қоршауға соғылды - СҚО Түркістан облысында жоғалып қалған 3 жасар бүлдіршін тойхана маңынан табылған

Талдықорған қаласының орталық көшесімен жүріп келе жатқан шетелдік көлік жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Бұған қоса, көлік жүргізушісінің бағдаршамға мән бермей жол қиылысынан өтуі де бар. Бұл жағдай ғаламторда жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған. Бейнежазбада жолда анасымен бірге бара жатқан баланың қызыл жарыққа қарамай өткен көлік дөңгелегінің астына түсе жаздағаны байқалады.

«Осы өрескел факті туралы біліп, біз бірден жедел түрде жүргізушіні қатаң жауапкершілікке тарту шараларын қабылдадық. Оқиға 9 қыркүйек күні Абай-Назарбаев көшелерінің қиылысында болғаны анықталды. Біз Іле ауданының тұрғыны болып табылатын Toyota Camry автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстадық. Құқық бұзушыға қатысты бағдаршам сигналының, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын орындамағаны және сигнал берусіз маневр жасағаны, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 4 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылды. Енді жүргізуші әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап береді және жалпы алғанда 100 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болады»,- дейді Талдықорған қаласының ПБ бастығы полиция полковигі Асқар Нұрсапа.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT