Талдықорғанда ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 наурыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы жақсы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, Талдықорған қаласында ғана жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар