Талдықорғанда алғаш рет ұлттық киімдер байқауы өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үкілі серуен» атты ұлттық киімдер байқауы өтті. Бірінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа Алматы облысында ұлттық киім тігетін шеберлер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық мәдениет басқармасы қолға алған шарада тігіншілер ұлттық нақыштағы үздік киімдерін жұрт назарына ұсынды. Мұндағы басты мақсат өңір тұрғындарына ұлттық киімдерді кеңінен насихаттап, күнделікті киіп жүруге шақыру.
Балалар костюмдері, әншілер мен бишілерге арналған көйлектер мен камзолдар, бешпеттер мен спорттық жеңіл киімнің бәрінде қазақтың оюы мен өрнегі бар. Байқаудың алғашқы кезеңінде 10 саусағынан бал тамған ісмер жандар аудандық деңгейде шеберлігін сынады.
Мәдениет басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев байқауды дәстүрлі етіп және оның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Биылғы жылы облыс көлемінде өтсе, келесі жлы осы байқауды Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында республика көлемінде өткізсек деп жоспарлап отырмыз. Егер қолдау табылатын болса біз республика көлемінде өткіземіз», - дейді басқарма басшысы.
- Театр өнері жөніндегі көркемдік кеңестің республикалық отырысы өтті
- Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» жүлдесін алуы мүмкін
- Нұр-Сұлтанда «Абыз Әбіш» кітабы таныстырылды
- Алматының архитектуралық келбеті біркелкі үлгіге көшеді
-
Елордада Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай конференция өтіп жатыр
-
Семейлік оқушы халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам