+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

2020 жылғы 20 қаңтар 12:03
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 11 сағат 31 минут 04 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда тағы да жер сілкінді

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықта - Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный ауылының арасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.3. MPV магнитудасы - 4,7. Тереңдігі - 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер: Текелі қаласында - 3-4 балл, Талдықорған қаласында - 3 балл.

Қирандылар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, Алматы облысында жер сілкінісі 20 қаңтар күні 02 сағат 57 минутта да тіркелген болатын. Бірақ оның сезілуі туралы мәліметтер түспеген еді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.0. MPV магнитудасы - 3.8. Тереңдігі 20 шақырымда орналасты.

Сондай-ақ 19 қаңтарда сағат 19.27-де Алматыдан оңтүстікке қарай 370 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді. Алматыда дүмпу 3-4 балл қуатымен сезілді. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT