Талдықорғанда 24 жастағы жүргізуші электр бағанына соғылып мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 24 жастағы көлік жүргізуші электр бағанына соғылып, ауруханаға жетпей мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жантүршігерлік көлік апатының видеосы әлеуметтік желіге тарады.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24-қазан күні түнгі сағат 22:18 кезінде болған.

«Анықталғандай, 24 жастағы «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі Қонаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, электр бағанына соғылған. Салдарынан жүргізуші ауруханаға жетпей көз жұмды. 22 жастағы жолаушы қыз бала түрлі дене жарақатымен аурухана түсті»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар