Талдықорғанда 200-ге жуық сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы бойынша 187 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 187 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Олардың саны тағы өсуі мүмкін. Бұл тұрғындардың үйіне сайлау комиссиясының жылжымалы жәшігі жеткізіледі», - дейді Талдықорған қаласы бойынша сайлау комиссиясының хатшысы Маржан Мэлс.

Ресми өкілдің ақпаратына сәйкес, қазір Алматы облысының орталығында 58 сайлау учаскесі бар. Ал сайлаушылардың саны - 129 641 адам.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекованың айтуынша, бүгінгі күні жалпы талдықорғандықтардың саны - 178 200.


Соңғы жаңалықтар