Талдықорғанда 16-17 желтоқсан күндері 33 сəби дүниеге келді.

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облыстық перинаталдық орталықта 16-шы желтоқсан күні 13 сəби дүниеге келді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 7-і ұл, 6-ы қыз бала. Ал мерекенің екінші күнінде 20 нəресте дүние есігін ашты. Олардың 13-і ұл бала. Алакөл ауданының тұрғыны Гүлнұр Байбатшанова егіз қыз балаларды дүниеге əкелді.

Айта кету керек, Талдықорған қаласында орналасқан перзентхана өңірдің 7 ауданы мен екі қаласына қызмет көрсетеді.

Орталықтың бас дəрігері Қанат Қалиханұлының айтуынша, биылғы жылы да табиғи өсім бар. Жыл басынан бері 5 мың 300-ден астам бөбек туып, олардың басым бөлігі ер бала болды. Жалпы бұл жерде 23 дəрігер жəне 154 орта буын мамандары жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар