Талдықорған толықтай карантинге жабылады деген ақпарат жалған - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы халық арасында тараған қауесет туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 мамыр күні Талдықорған қаласы 100% карантинге жабылады деген ақпарат жалған. Бұл шындыққа жанаспайды»,- деп жазды өзінің Instagram парақшасында Нұр Қанатұлы.

Айта кетейік, соңғы 10 күннің ішінде Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны 36 адамға жетті. Ең алғашқы жағдай 14 мамыр күні тіркелді. Ол кезде полицейдің аталған вирусты жұқтырып, оның 150-ден аса адаммен байланыста болғанын, оның 85-і өзінің әріптестері яғни тәртіп сақшылары екенін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Талдықорғанда полицейлер коронавирус жағдайына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейткенін жарияладық.


Соңғы жаңалықтар