Талдықорған полициясы оқ атқан бұзақыны ізін суытпай ұстады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған полициясы тапаншамен оқ атқан бұзақыны ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне Қаратал шағынауданында төбелес шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция жасағы жастардың екі тобы арасында төбелес болғанын анықтады. Басынан оқ жарақатын алған 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабынның 3-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Шығыс ҚПБ КПБ қызметкерлері бір сағаттың ішінде оқ атқан күдіктіні анықтап, ұстады. 18 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапаншаны тәркіледі. Ол кінәсін мойындады. Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған. Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар