Талдықорған-Өскемен учаскесінде құрылыс жұмыстары аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Талдықорған-Өскемен учаскесінде құрылыс жұмыстары аяқталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл қорытындысында Орталық Азия республикаларын Ресей Федерациясының Шығыс Сібірімен, сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерін байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз Талдықорған-Өскемен учаскесін реконструкциялау бойынша негізгі жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сондай-ақ, вице-министр Үшарал-Достық автожолы реконструкцияланып жатқанын айтты.

«Биыл қозғалыс ашуды, ал келесі жылы толықтай аяқтауды көздеп отырмыз. Аталған автожол Алакөл көлінің туристік кластерін дамыту үшін үлкен маңызға ие», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар