Талдықорған маңында көлік апатына түскен шағын автобустың жолаушысы қайтыс болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Талдықорған маңында көлік апатына түскен шағын автобустың жолаушысы ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қараша күні ауруханаға жеткізілген 1955 жылғы  Қарабұлақ ауылының тұрғыны 26 қараша күні таңғы сағат 7:10 шамасында қайтыс болды. Әйел адам ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәл қазіргі уақытта Көксу аудандық ауруханасында  көлік апатынан зардап шеккен 4 адам жатыр. Олардың жағдайы  орташа деп бағалануда», - деп мәлімдеді Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Алматы-Талдықорған тас жолында жолаушы тасымалдайтын шағын автобус көлік апатына ұшырап, 7 адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.  Жол-көлік оқиғасы Көксу ауданына қарасты Балпық би ауылына жақын маңда болған.

Анықталғандай, микроавтобуста жүргізушіні қосқанда барлығы 17 адам отырған. Болжам бойынша, көлік жол жиегінен шығып кетіп, аударылған.

Соңғы жаңалықтар