Талдықорған коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында соңғы екі аптада коронавирус инфекцияның 486 жағдайы тіркелсе, өткен тәулікте 25 тұрғыннан індет анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 13-қазандағы жағдай бойынша Талдықорған қаласында COVID - 19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бүгінгі таңда шаһар «қызыл» аймақта орналасқан.
2020 жылдың мамыр айынан бастап барлығы 12134 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген. Осы жыл басынан бастап қазірге дейін 10212 тұрғынның вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр.
Қалада вирусқа қарсы екпе жұмыстары әліде жалғасуда. Талдықорғанға барлығы 155975 доза вакцина келіп түсті.
Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 1-ші компонентпен – 58505, вакцинаның екінші бөлігінен– 54074 адам екпе салдырды.
Айта кетейік, қалада 24 егу кабинеті және 1 жылжымалы мобильдік топ жұмыс істейді, сондай-ақ « City plus» сауда орталығында қосымша 1 егу кабинеті ашылды.


Соңғы жаңалықтар