«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының реконструкциясы 64%-ға орындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының реконструкциясы 64%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИИДМ Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин Шығыс Қазақстан облысында автожол жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, комитет басшысы «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолының 615-1 073 шақырымындағы реконструкциялау учаскесінде болды.

«Онда жұмыстардың 64%-ы орындалған. Биыл «CITIC Construction Co., LTD», «К-Дорстрой» АҚ және «Todini Central Asia» ЖШС компаниялары 445 шақырымды аяқтауды көздеп отыр. Бүгінде жолдың 287 шақырымында қозғалыс ашылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін учаскелерде 850 адам және 664 арнайы техника жұмылдырылған. 10 асфальтобетон зауыты мен 14 ұсақтау-сұрыптау қондырғысы жұмыс істейді. Жоба аясында 26 көпір мен 390 су өткізу құбыры салынбақ», делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар